Халықаралық театр күні

27 наурыз барлық театр қызметкерлері лауазымына қарамастан өздерінің кәсіби мерекесі – Халықаралық театр күнін атап өтеді. Бұл күн әртістер үшін де, барлық цехтардың жұмысшылары үшін де ерекше. Солтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры бұл күнді бір үлкен отбасыдай жайдарлы, қарапайым, жайлы, жылы түрде тойлайды. Мереке қонақтарына қуыршақ театрының «Степной ноктюрн или между закатом и рассветом» атты ең ерекше қойылымы көрсетілді.

Спектакльден кейін салтанатты бөлім басталды, Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы С.А.Әубәкіров, Солтүстік Қазақстан облысы мәдениет және спорт қызметкерлері кәсіподақ ұйымы филиалының төрайымы Г.М. Касимова және театр директоры С.Ю.Орловтан ұжым құттықтаулар мен марапаттарға ие болды. 

Кәсіби мерекеге байланысты адал, жемісті еңбегі, жоғары кәсіби шеберлігі үшін дыбыс бойынша суретші-техник М.А.Козенков және театрдың бас режиссері Лайко Г.Е. Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Құрмет грамотасымен марапатталды.

Мәдениет және спорт қызметкерлері кәсіподақтарының республикалық комитетінің «Еңбек даңқы» төс белгісінің иегерлері жоғары санатты актер С.А.Мапенов және мәдени ұйымдастырушы маман А.И. Пульникова атанды. 

Мәдениет және спорт қызметкерлері кәсіподақтары республикалық комитетінің Құрмет грамотасы директордың көрермендер жөніндегі орынбасары А.Б.Канапинаға және дыбыс бойынша суретші-техник К.В. Трыхановқа табыс етілді. 

Сондай-ақ, облыстың мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі және Халықаралық театр күніне орай дипломдармен марапатталды: 

— «Үздік сахна қызметкері» номинациясы бойынша

   сахна машинисті Окованцев Алексей Александрович,

 

— «Жоғары кәсібилік үшін» номинациясы бойынша

     билет бақылаушысы Треймак Лариса Александровна,

 

— «Жыл дебюті» номинациясы бойынша

     суретші – декоратор Михайлова Варвара Владимировна,

 

— «Жыл серпілісі» номинациясы бойынша

   жоғары дәрежелі актриса Литвинова Мария Александровна,

 

— «Шығармашылық даралығы және шеберлігі үшін» номинациясы бойынша

   жоғары дәрежелі актер Васильев Алексей Николаевич,

 

— «Жыл актрисасы» номинациясы бойынша

   1 дәрежелі актриса Ихтендрис Татьяна Евгеньевна,

 

— «Жыл актері» номинациясы бойынша

жоғары дәрежелі актер Қалқабек Нұрсұлтан Амандықұлы. 

28.03.2024
Қаралым саны: 91