13-18 қазан аралығында Шымкентте «Puppetland» I-ші халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтті

Фестивальге Армения, Польша, Гонконг, Израиль, Иран, Қырғызстан, Өзбекстан, Перу, Түркия, Ресей, Чехия, Эстония, Тәжікстан және еліміздің бірқатар облыстарынан өнер ұжымдары шақырылды. Республикамыздың мәдени өміріндегі айтулы оқиғаға шақырылғандар қатарында Солтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры да құрметке ие болды.

Фестиваль Шымкент қалалық қуыршақ және жасөспірімдер театрының 40 жылдығына арналды.

Ашылу салтанаты Арбат жаяу жүргіншілер аймағында өтті. Шақырушылар келген қонақтарды ән-бимен, мейіріммен күліп қарсы алды.Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары және қазылар алқасының төрағасы Қ.Асылов, ҚР еңбек сіңірген әртісі Қазақстандағы қуыршақ театрының тұңғыш кәсіби режиссері Қ.Ешмұратова барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.

Фестиваль қатысушылары күн сайын шымкенттік көрермендер мен қазылар алқасын жарқын актерлік ойынымен, түрлі-түсті декорацияларымен, қызықты қуыршақтарымен қуантты.

Жеңімпаздардың есімдері фестивальдің соңғы күні белгілі болды. Қонақтар мен көрермендер кімнің үздік атағын алғанын білу үшін нәтижені тағатсыздана күтті. Режиссері Б.Ходырев қойған «Отшельник и роза» спектаклінде басты рөлді сомдаған Солтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театрының жоғары дәрежелі актері С.Ә.Мапенов «Үздік актері» номинациясымен марапатталған.

20.10.2023
Қаралым саны: 384