Халықаралық театр күні

Театр әрқашан адамдардың, елдердің, өркениеттердің мәдени өмірінде маңызды рөл атқарған. Сондықтан Халықаралық театр институтының бастамасымен 1961 жылы мереке – Халықаралық театр күні белгіленді. Дәстүр бойынша театр күні 27 наурызда тойланады. Облыстық қуыршақ театрының ұжымы осы күні өз көрермендерін қызықты тосынсыймен және жарқын, сиқырлы, таңғажайып қойылыммен қуантуды жөн көрді.

Таңертеңнен бастап кішкентай көрермендерді Көк теңіз ханшайымы мен қарақшы Джек қарсы алды. Балалармен бірге олар батылдықпен шытырман оқиғаны іздеуге шықты, барлық сынақтардан көңілді өтті. Одан кейін режиссер Б. Ходырев қойған теңіз тұрғындарының шытырман оқиғалары туралы «Отшельник и роза» спектаклін тамашалады. Қойылымнан кейін мерекенің салтанатты бөлімі өтіп, Солтүстік Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасынан, сонымен қатар мәдениет және спорт қызметкерлері кәсіподағынан театрдың еңбек сіңірген қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етілді. Мәдениет және спорт қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы филиалының төрайымы Г.М. Қасымова облыстық қуыршақ театрының директорына «Үздік әлеуметтік әріптес» медалін табыс етті.

31.03.2025
Қаралым саны: 20