Солтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры өзінің 35 жылдық мерейтойлық маусымын салтанатты түрде аяқтады. Салтанатты шаралар екі кезеңде өтті. Бірінші күні мереке кішкентай көрермендерге арналды – театр әртістері олар үшін «Полярная история» ертегісін дайындады. Сонымен қатар, ерекше көзге түскен қызметкерлер дәстүрлі номинациялар бойынша дипломдармен марапатталды:
• «Ең үздік ер адам рөлі» – «Новогодний БАЦ!» спектакліндегі Ау ата рөлі үшін – актер Мапенов Сапар Әшімұлы
• «Ең үздік әйел адам рөлі» – «Благодарный журавль» спектакліндегі Цу рөлі үшін – актриса Хасенова Айгүл Науқанқызы
• «Жыл дебюті» – «Благодарный журавль» спектакліндегі Тағдыр рөлі үшін – актриса Лысенко Виктория Игоревна
• «Жыл серпіні» – «Новогодний БАЦ!» спектакліндегі Йети рөлі үшін – актер Аитов Әли Рашидұлы
• «Кәсіби шеберлігі үшін» – «Новогодний БАЦ!» спектакліндегі Мыстан кемпір рөлі үшін – актриса Васильева Ольга Владимировна
• «Шығармашылық даралығы мен шеберлігі үшін» – суретші-құрастырушы, модельер-дизайнер Колесникова Ирина Петровна
• «Театрдың дамуына қосқан үлесі үшін» – көркемдік жетекші Қасым Айбол Естемесұлы және көрермендермен жөніндегі директордың орынбасары Канапина Анар Балғабайқызы
Су тасқыны кезінде көмектескені үшін театр қызметкерлері Шитканов Е.Ш., Елеусизов Е.Б., Познафиркин В.Ю. алғыс хаттармен марапатталды.
5 маусым күні Ақан сері атындағы облыстық филармонияда театр қызметкерлері, мәдениет мекемелерінің басшылары, мектепке дейінгі және мектеп ұйымдары өкілдері, еңбек ардагерлері, театр ұжымдары, режиссерлер, тұрақты көрермендер мен БАҚ өкілдері қатысқан салтанатты іс-шара өтті.
Қуыршақ театрының ұжымына көптеген жылы лебіздер мен құттықтаулар айтылды. Олардың ішінде:
• Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Әбдірейісов Д.Н.,
• Облыстық мәдениет және спорт қызметкерлері кәсіподағының төрайымы Қасымова Г.М.,
• Н.Погодин атындағы облыстық орыс драма театры мұражайының меңгерушісі, «Мәдениет қайраткері» төсбелгісінің иегері, мәдениет саласының ардагері Лошакова Л.Н.,
• және өзге де мәдениет ұйымдарының басшылары.
Қонақтар тек құттықтауларын ғана емес, сонымен қатар сый-сияпаттарын да ала келді. Мәдениет басқармасының басшысы Әбдірейісов Д.Н. театрға автобус сертификатын табыстады.
Маусымның сәтті аяқталуына орай келесі қызметкерлер облыс әкімінің Құрмет грамоталары мен Алғыс хаттарымен марапатталды: Алпатова О.П., Карпенко Н.Г., Шитканов Е.Ш., Капустина О.И., Садвокасова Д.К., Пульникова А.И., Кондрахина Н.В., Копотилова Л.В., Видергольд Л.А.
«Еңбек даңқы» төсбелгілерімен облыстық мәдениет және спорт қызметкерлері кәсіподағы тарапынан марапатталғандар:
• Капустина О.И., Алпатова О.П., Молдахметова Т.М., Каргаполов В.И.
Құрмет грамоталарын алғандар: Абляшева М.В., Окованцев А.А.
Қуыршақ театрына арналған керемет концерттік бағдарламаға облыстық филармония әртістері, театрлар, шығармашылық ұжымдар мен қала әншілері қатысты.
Осы тамаша күндерде бірге болған баршаңызға алғысымызды білдіреміз!
Қаралым саны: 195