«Құралай» IV Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі

Астана күніне арналған іс-шаралар аясында 30 маусым мен 4 шілде аралығында Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, профессор Құралай Ешмуратованың 80 жылдығына арналған «Құралай» IV Халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі өтті.
Аталған айтулы шараның басты мақсаты — қуыршақ театры өнерін насихаттау, үздік қойылымдар мен жетістіктерді көрсету, кәсіби танымды дамыту және дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне сүйене отырып, орындаушылық шеберлікті арттыру болып табылады.
Австрия, Грузия, Испания, Англия, Перу, Түркия, Қытай, Өзбекстан, Таиланд және Қазақстан елдерінің қуыршақ театрлары қатысқан бұл өнер мерекесі жоғары деңгейде өтті.
Фестиваль аясында қатысушы ұжымдар өздерінің үздік қойылымдарын сахналады, сондай-ақ халықаралық мәдени ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу және қуыршақ театры саласындағы кәсіби шеберлікті жетілдіру бағытында бірлескен жұмыс жүргізілді.
Солтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры кішкентай көрермендерге режиссер Г.Лайконың қойған «Күміс тұяқша» спектаклін сәтті ұсынды.
Фестиваль қорытындысы бойынша «Ең үздік ер адам рөлі» номинациясы Солтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театрының актері Алексей Васильевке берілді.
 

 

08.07.2025
Қаралым саны: 20