Республика күніне арналған фестивальде Польша, Грузия, Болгария, Түркия, Өзбекстан және Қазақстанның қуыршақ театрларының ұжымдары өз өнерлерін көрсетті.
Бұл ауқымды шараға алты елден 150 қуыршақ шеберлері және 14 театр ұжымы қатысты.
Апталық барысында кәсіби өнер өкілдерінен құралған қазылар алқасы үздік режиссер, қуыршақшы және актерлік ансамбльді таңдады. Түрлі қойылымдар мен қатар шеберлік сабақтары мен дәрістер ұйымдастырылды. Алматы қуыршақ фестивалінің мақсаты – халықаралық байланыстарды нығайту және қуыршақ театры жанрларының көкжиегін кеңейту.
Фестивальде Солтүстік Қазақстан облыстық қуыршақ театры бэби-театр жанрындағы «Жук, паук и бабочка» спектаклін қойды, режиссері Г.Е. Лайко.
27.10.2023
Қаралым саны: 1284
Қаралым саны: 1284